Суббота, 28.06.2025, 12:56
Приветствую Вас Гость | RSS

Байқадам орта мектебі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 8
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әдістемелік қызмет

Мектептегі әдістемелік қызмет

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Оны жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығы мен құзыреттілігінің мәні зор десек, оның мақсатты түрде кәсіптік деңгейінің үздіксіз дамуына жағдай жасау, қолдау көрсету - мектептегі әдістемелік қызметтің басты міндеті           

          Мектептің әдістемелік қызметтіңозық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау және дамытудың да маңызы зор. Осы жұмыстардың бәрі де мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасардың құзырында болады.

Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негізін директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғыну қажет. Орта мектеп-гимназиядағы әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі функциялардан тұрады:

- мектептік педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, жұмыс тәжірибелерін жариялау;

- педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;

- мұғалімдердің пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру, өздік білімін жетілдіруді ұйымдастыру, теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу;

- жаңа оқу бағдармаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;

- оқыту және тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін белсенді түрде қолдануды ұйымдастыру;

- жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау – әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру;

- ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастыру – жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге кеңес беру.

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Copyright MyCorp © 2025
uCoz