Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылы «Байқадам орта мектебі» « Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасы аясында салынып,
2012 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді.
Бүгінгі күнде бұл мектепте 179 оқушы білім алып жатыр, 36 мұғалім, 4 тәрбиеші жұмыс істейді. Оқушылардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған, атап айтқанда, мектепте 1 спорт зал, 1 футбол алаңы, 60 орындық асхана, 60 орындық акті залы, медбике бөлмесі, заман талабына сай жабдықталған кітапхана, 1 ағаш өңдеу және 1 темір өңдеу, 1 тігін шеберханасы бар.
Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің алдында өз бетінше іздене алатын, өзіне қажетті білімді өз бетінше ала алатын тұлға тәрбиелеу міндеті тұр, бұл міндетті жүзеге асыруда оқыту технологияларының алатын орны ерекше.Ашылған күннен бастап білім беру үрдісіне оқытудың ақпараттық коммуникативті технологиясын енгізу жұмыстары қолға алынып, қарқынды жүргізіле бастады. Мектепте 1 мультимедиа кабинеті және 2 лингафон,1 информатика кабинеті бар бүгінгі күні мектепте 4 интерактивті тақта оқушылардың сапалы білім алуына қызмет етеді. Барлығы 44 компьютер жұмыс істеп тұр, 1 компьтерге 3 оқушыдан келеді. «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады», - деп Елбасымыз айтқандай, болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орнын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Мектеп ұжымы білімді ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсат деп ұстанып, алдағы уақытта да шынайы шығармашылықпен жұмыс жасайды.
«Байқадам орта мектебі» КММ
Мектеп директоры – Жумагулова Рымкуль Толеугазиевна
Директордың оқу – тәрбие орынбасары –Ахатаева Гулим Балкеновна
Директордың тәрбие орынбасары –Майкенова Мадина Кабылкаримовна
Типтік мектеп , 200 орынға арналған , аралас , салынған жылы – 2012 ж
Су құбыры орталықтандырылған .
Жалпы оқушылар саны – 179 – 14 сынып комплект, мектепалды даярлық сынып:1
қазақ сыныптары -11, орыс сыныптары –3.
ҰБТ бойынша – орташа бал.
2017 ж.-78 балов.
Педагогтар – 36
Педагогтардың сапалық құрамы: Жоғарғы санат – 4
Бірінші санат – 16
Екінші санат – 6
Санатсыз – 10
2017 жылы берілді:
Кезекті жөндеу жұмыстары -5250 теңге.
Шаруашылық жабдықтары -46833 теңге.
Рәміздер -81286,6 теңге.
Компьютерлер (4)- 353,560,8 теңге..
Бағдарламалық ақпараттық жүйе -1892,64 теңге.
Көмір -557 тонна
Жалпы оқу бойынша берілген киімдер – 28118 теңге.
Ыстық тамақ - _________________
Кітапхана фонды- 1461278 теңге.
2018 жылы берілді:
Кітапхана фонды-_______________ теңге.
Кезекті жөндеу жұмыстары -5250 теңге.
Көмір -557 тонна
Жалпы оқу бойынша берілген киімдер____________ - теңге.
Ыстық тамақ - _________________
Кітапхана фонды- теңге.
«Байқадам орта мектебі» КММ бойынша қажетті мәселелер
Мектеп спортзалының төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептің ішкі жағына шағын орталық , лингафон кабинетіне, психология, физика кабинетіне жөндеу жұмыстары қажет.
Спорттық құрал – жабдықтар: футбол, волейбол, баскетбол доптары, шаңғылар , конькилер керек.
Физика, химия, биология, АӘД кабинеттерін тиісті құралмен жабдықтау.