Среда, 22.01.2025, 06:21
Приветствую Вас Гость | RSS

Байқадам орта мектебі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 8
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Әлеуметтік педагог

 

         Құқықбұзушылық алдын алу  барысында атқарылатын

                                          іс-шаралар   жоспары

                                        2018-2019 оқу жылы

            Іс - шаралар

Мерзімі

Жауапты

1

Мектептегі тәртіп бұзушылыққа бейім оқушыларды анықтау,тізімін алу

Қыркүйек

 Әлеуметтік педагог

Психолог

Сынып жетекші

2

Ерекше назардағы оқушыларды есепке алу.

Сынып жетекшілер мен психолог берген мінездеме бойынша тәуекел топқа жататын балалардың тізімін бекіту

Кезінде

Әлеуметтік педагог

3

Әңгіме : «Қылмыс және жасөспірім»

Жасөспірімдер арасында өз - өзіне қол жұмсаушылық (суицид) әрекеттерінің алдын алу.8-11 сынып

Әр тоқсанда

Әлеуметтік педагог

 

Психолог

4

Ерекше назардағы оқушылармен олардың ата - аналарымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу және оқушылардың бос уақытында қабілеті мен жас ерекшелігіне қарай үйірме жұмыстарына тарту

Үнемі

Әлеуметтік педагог

5

Мөлтек ауданы бойынша адамдар көп шоғырланған жерлерге,қараусыз қалған үйлер,би алаңдары кешкі уақыттарда рейдтер ұйымдастыру

Кесте бойынша

Әлеуметтік педагог

6

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз,панасыз қалуының алдын алу барысында іс- шаралар өткізу. 8-10 сынып

Әр тоқсанда

Әлеуметтік педагог

 

Тәлімгер

7

Өмірдің қиын кезеңдеріне кезіккен оқушыларды уақытында анықтап,қала,аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және оларды қорғау жөніндегі комиссияға құжаттарын уақытында апсыру.

Үнемі

Әлеуметтік педагог

8

Сабақты көп жіберетін,сабақтан себепсіз,рұқсатсыз кететін оқушылармен,олардың ата анасымен жұмыс

Ай сайын

Әлеуметтік педагог

9

«Бала құқығы» туралы заңмен оқушыларды ақпараттандыру

                 2-11 сынып

Әр тоқсанда

Әлеуметтік педагог

10

«Бала конвенциясымен» оқушыларды таныстыру

Әр тоқсанда

Әлеуметтік педагог

 

Сенің құқығың – менің құқығым!

Бұқар жырау ауданының, Байқадам орта мектебінде IIБ жергілікті полиция қызметкері, Ювенальді тобының аға инспекторы,полиция майоры В.Канинамен кездесу өтті. Оқушыларға Қазақстан Республикасының заңы (ҚҚР ҚК-нің 15 бабы) қылмыстық жауапкершілік жасын жалпы қылмыстар үшін 16 жастан, ал саналы түрде істелген ауыр қылмыстар үшін 14 жастан белгіленгенін, құқық бұзған жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатынын айтып түсіндірді. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларымен жол қауіпсіздік ережесіне тоқталып, сақтық шараларын бұзбауға, жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлесіп әрбір сұрақтарын талқылады.

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл әлеуметтік жағдайға, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар еліміздің болашағы. Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да, білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Осыған орай, ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол біздің – Тәуелсіз Қазақстан». Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан - жақты сезіну керек» - деп айтқандай, әрбір Тұлға болып қалыптасуына қоршаған орта үлкен әсерін тигізетіні һақ. Құқықты қорғай отырып, қоғамымызды қорғайтынымызды ұмытпайық!

 

 

 

 

Бастауыш сынып оқушыларымен жол қауіпсіздік ережесі туралы түсінік беруде

                                               

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Январь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Copyright MyCorp © 2025
uCoz