Статистика
Онлайн всего: 2 Гостей: 2 Пользователей: 0
|
Главная » 2018 » Май » 24 » 1- мамыр бейбітшілік күні
17:21 1- мамыр бейбітшілік күні |
27 сәуір күні мектеп жанындағы шағын орталықта 1мамыр мерекесіне арналған ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілктің мақсаты балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Ертеңгілік Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер осы мерекеде өз өнерлерімен ата-аналарын қуанты. Балалар мерекеге байланысты әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп ұлттық билерін билеп және ұлттық тағамдарымен әр ұлттың салтын ,өнерлерін ортаға салды.Бүлдіршіндердің көңіл-күйлері көтеріңкі болып, үйлеріне қуашыпен қайтты. Ертеңгілік жоғары деңгейде өтті..
Байкадам орта мектебінде 1- Мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне арнап жоспар құрылды. Жоспар бойынша мектебімізде іс-шаралар жүргізілді. Мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күні қарсаңында 23-25 сәуір аралығында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 3-4 сыныпта Рысбекова Г.Р « Единство Казахстана – в дружбе народов» атты тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.«Біздер – көпұлтты халықпыз » атты тақырыпта мерекелік іс- шара өткізілді. Мектеп директоры Р.Т. Жумагулова мерекелік концертті құттықтау сөзімен ашты. Әр шаңырақ ұлттарды алдын ала бөліп алып, қолдарынан келгенше барлық ұлт сәлемдесуін, әнін, биін, тағамдарын дәріптей алды. Оқушылардың өнеріне көрермендер ризашылығын білдірді. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттың келісімнің мерекесі.
|
Просмотров: 731 |
Добавил: akkerey
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
Календарь
« Май 2018 » | Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
|
| | |