Статистика
Онлайн всего: 4 Гостей: 4 Пользователей: 0
|
Главная » 2020 » Март » 2 » 1 Наурыз – «Алғыс айту» күні
06:39 1 Наурыз – «Алғыс айту» күні |
1 Наурыз – «Алғыс айту» күні
1 наурыз – Қазақстанда алғыс айту күні. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы жарлығымен, Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілген болатын. Осыған орай біздің Байқадам орта мектебінде «Алғыс айту» іс- шарасы өткізілді. Алғыс айту күніне орай барлық сыныптарда «Алғыс айту парызым» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты оқушылардың жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту және ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету болды. Жоғарғы сынып оқушылары «Қазақ еліне мың алғыс» тақырыбында эссе жазды.. «Жасұлан » ұйымының оқушылары мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, пәтерлерін жинап, аулаларының қарларын ашып тазалап, қариялардан бата алды. Сонымен қатар мектеп өміріне белсене қатысып, демеушілік көрсетіп жүрген ата-аналарға алғыс хаттар таратылды. «Сіз кімге алғыс айтар едіңіз» тақырыбында акция өткізілді. Мұғалімдер, оқушылар өз лебіздерін білдіріп, жүректегі алғыстарын жақын адамдарына білдіріп қуанып жатты. Бейне материал дайындалды. «Мен алғыс айтамын!...»тақырыбында оқушылар арасында флеш моб ұйымдастырылды. Оған мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Алғыс айту күніне орай көрме ұйымдастырылды. Оқушылар мұғалімдерге алғыстарын өлең жолдары арқылы білдірді.
 
     
|
Просмотров: 838 |
Добавил: akkerey
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
Календарь
« Март 2020 » |
Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
|
| | |