Статистика
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0
|
Главная » 2019 » Март » 28 » «Қаржылық сауаттылық» күні
08:41 «Қаржылық сауаттылық» күні |
Мектебімізде «Экономика барлығымыз үшін» жобасы шеңберінде қаржылық сауаттылық күні өткізілді.Оқушылардың бойында қаржы туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, жеке қаржыны тиімді басқарудың дағдылары мен қаржы мәдениетін қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып, «Қаржылық сауаттылық» күні саптық жиынмен басталды.Саптық жиында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың қоғам өміріндегі және адамдардың күнделікті өміріндегі қаржының рөлі жайлы ақпарат айтты.Құрылған жоспар бойынша бастауыш сынып мұғалімдері 1-4 сыныптарда «Энергияны үнемдеу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.2 «а» сынып мұғалімі Жангир Алтынгүл «Электр энергиясын үнемдеу» атты сынып сағаты оқушыларымен өткізілген бұл іс- шара оқушылардың тұрмыстық жағдайларымен өте тығыз байланыста болды. Оқушылар күнделікті қолданып жүрген электр қуаты туралы мәлімет алды. Оқушыларға үнем, үнемдеу туралы мағлұмат берілді. Өз кезегінде оқушылар да өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарын қойып, жауап алды. Топтарға бөлініп берілген тапсырмалады бірлесе орындады. Алдын ала дайындалған көрініс те тамашаланды.Тәрбие сағатыны өз мақсатына жетті.5-6 сыныптарда «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында сынып сағаты мазмұнды өткізілді.Мұғалім қаржылық сауаттылық туралы түсінік берді және логикалық тапсырмалар орындатты.Балаларға ақшаны жұмсаудың 13 кеңесін айтып өтті.7-сыныптарды «Қаржылық сауаттылық туралы» ,8-сыныптарда «Жеке қаржыны жоспарлау негіздері», 9-сыныптарда «Электрондық қаржылар» тақырыптарында сынып сағаттар өткізілді.Сонымен қатар, оқушыларға қаржы жөнінде ұғымды түсінікті түрде беру, түрлі экономикалық сауаттылықты қалыптастыру міндеттерін іске асыру барысында «Экономика ойыны», «Мәртебелі экономика», «Экономикалық КТК» тақырыптарында шағын ойындар өткізілді.Мектептің акт залында 10-11 сынып оқушыларына қаржылық табыс туралы бейнефильм көрсетілді . Оқушылар сұрақ қойып өз сұрақтарына жауаптарын алды.
Өткізілген іс-шаралар қорытындысыда оқушылар бойында қаржы туралы жалпы түсінік қалыптасты деген ойдамыз.
|
Просмотров: 550 |
Добавил: akkerey
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
Календарь
« Март 2019 » | Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
|
| | |