Статистика
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0
|
Главная » 2020 » Март » 2 » «Ауған соғысының жалыны»
06:21 «Ауған соғысының жалыны» |
«Ауған соғысының жалыны»
Талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да 10 жылға созылған «Ауған соғысы» 1989 жылы, ақпан айының 15-де аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Жылда ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені, бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Осы атаулы күнге байланысты мектебімізде «Ауған соғысының жалыны» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу. Шара барысында өзіміздің жерлесіміз Ауғанстан ардагері Алпысбаев Бүркіт Далабаевичтың өмірімен және ерліктерімен оқушыларды таныстырып, Ауғанстан жерінде опат болған жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алдық. Бүркіт Далабаевичтың жұбайы Алпысбаева Назым Амангазизовна жылда балаларымен мектебімізге келіп, оқушылырға жылы лебізін білдіріп, құттықтайды. Біз жерлесіміздің отбасына жалынды жанашырлықпен берекелі табыс, мерекелі күндер және ұзақ өмір тілейміз.
|
Просмотров: 356 |
Добавил: akkerey
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
Календарь
« Март 2020 » | Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс | | | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
|
| | |