Суббота, 23.11.2024, 13:57
Приветствую Вас Гость | RSS

Байқадам орта мектебі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 8
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2018 » Март » 2 » Қазақ елінің сыншысы-Бұқар жырау Қалқаманұлы
06:48
Қазақ елінің сыншысы-Бұқар жырау Қалқаманұлы

Қазақ елінің сыншысы-Бұқар жырау Қалқаманұлы
 

         Бұқар жырау Қалқаманұлы өз заманының тілмашы, сыншысы, Қазақтың ұлттық ауыз әдебиетінде даналық сөздерімен өшпес із қалдырған, сол уақыттың өзінде-ақ ұлан – ғайыр даламызда үш жүзге ортақ ұлағатты жырау болған. Бұқар Қалқаманұлының есімін қазақ халқы әрқашанда зор мақтанышпен қадір тұтады. Бұқар жырау Қазақ елінің  халқынан шыққан кең қабырғалы, ақылды, заман ағымын барлай білетін, халықтың келешек өміріне, алдағы заманға көз жіберіп, сол күнгі әлеуметтік, шаруашылық саласы, тіршілік тәжірибесін ой таразысына салып отырып алдағы өмірді болжай толғаған жырау, жыршысы мен сыншысы. Халық жыраудың тілегін, жан сезімімен сезініп, жырауды ел мүддесін қорғаушы,  саясаткер тұлға болып, елдің мұңын мұңдап, жесір мен жер дауын қақ жаратын  билердің кеңесшісі бола білген. Жаугершілік заманда бір сөзбен елді тыңдата білген қасиеттілігімен Алаш жұртының шежіресінде алтын әріппен жазылатын жырау сыншысы. Бұқар жырау өзінің ұзақ ғұмырында, талай-талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айырықша күш жұмсаған. Жыр-толғауларында ақын бабамыз сол тұстағы көкейкесті мәселелерге жауап іздеп, сыншы– жыршысы болған.Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған. Абылайдың әдеби бейнесін жасауға елеулі үлес қосқан. Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, толғауларының тағылымын,  ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен  М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған пәлсапа -дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар өлеңдері – өзінің стилі жағынан ауыз әдебиетімен және өзінен бұрын жасаған Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз жыраулар толғауларымен сабақтас, ақыл, нақыл, ғибрат, өсиет ретіндегі Бұқар жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Бұқар жыраудың бас тақырыбы: дүние көркі-адам, адам көркі-оның жасар игілігі, белді қасиеттері; дүние – бай мен жарлы-жақыбайға ортақ, алма-кезек, мұнда мәңгі байлық та, жарлық та, көптік те, жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан белсенді тұлға екендігіне жырау айырықша мән береді. «Адамзаттың баласы, атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, ішінде оның бірі арыстан болмас па? Арыстанның барында жорғасы болса мінісіп, торқасы болса киісіп, толғамалы қамшы алып, толғайда толғай дәурен сүрмес пе!? – деген толғауы осы ойдың айғағындай». Бұқар жырау Абылай ханның сенімді ақылшысы санатында мемлекет басқару ісіне белсене араласып, оның ішкі және сыртқы саясатына зор ықпал жасап отырған қоғам қайраткері болғаны әмбеге аян. Бұқар сол уақытта елді басқаратын терең ақылды, саясаткер, білімді адам керек екенін ұққан. Халықты бүтіндікке, бірлікке шақырып, сыртқы дұшпанға қайрат көрсете отырып, түрлі тәсіл-саясатпен халықтың бостандығын, қамын көздеген. Абылайдан да осындай басшылық күткен жырау, Абылайдың халық ішінде абыройының биік болуын қалаған.
Бұқар жыраудың Абылайға айтқан өсиет сөздерінің ең үлкені ел бірлігі.
Қазақтардың жер бетінен жоғалып кетпей іргелі ел болуы үшін, дұшпандары ығатындай айбарлы күш болуы үшін де мемлекеттік саясаттың ең бастысы, маңыздысы елдің «алтыбақан алауыз» болмай, «іштей ірімей» тұтаса ұйысуы үшін де ел бірлігінің қажет екенін үнемі жырлаудан әсте тынбаған.
Халық пен хан арасында дәнекер болған жырау ханды басшы деп «басшысыз халық азады, халықсыз хан тозады» дегенді мықтап ескерген. 
Жырау Абылай саясатына, ел ішіндегі Абылай беделіне тамашалай қарайды.
Бұқар жыры салмақты сөз, саналы пікір, сабырлы кең арналы ойдың кіндігі. Сондықтан да бүгінде бізге өшпес қазына, өлмес мұра болып біздің заманымызға жетіп отыр. Жырау ғасырлар бойы халықтың өзі жасап сары алтындай сақтап келген ауыз әдебиетінің мол қазынасын бойына сіңіріп, өз заманына сай жыр-толғау жасай білген жеке классик, әдебиеттің атасы дерлік тұлға.Қазақтың ұлттық ауыз әдебиетінде даналық сөздерімен өшпес із қалдырған, сол уақыттың өзінде-ақ ұлан – ғайыр даламызда үш жүзге ортақ ұлағатты жырау болған Бұқар Қалқаманұлының есімін қазақ халқы әрқашанда зор мақтанышпен қадір тұтады. 

 

Байқадам орта мектебі

Ижанова Р.С
 

Просмотров: 599 | Добавил: akkerey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Март 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright MyCorp © 2024
uCoz