Білім додасындағы ЖЕТІСТІК!
Бұқар жырау ауданының, Байқадам орта мектебінде 2018 жылдың 6-7 желтоқсан күндері пән аралық аудандық олимпиада өткізілді.Іріктеуден өткен оқушылар аудандық олимпиада сайысында екі кезеңнен тұрған білім мен ілімді тоғыстырған додада өз білімдерін сынады.
Олимпиаданың мақсаты- барлық оқу пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету еді. Сонымен қатар, олимпиада пән мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерін анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Ұлт ұстаз қазақтың өткені ғасырдағы руханияттың Көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы:«Мектептің жаны -мұғалім.Мұғалім қандай болса,мектебі хәм сондай болмақшы,яғни мұғалім білімді болса,білген білімін басқаға үйрететін болса,ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы»- дегендей аудандық пәндік олимпиадаға 180 оқушы мектебімізге келіп қатысты.Ашылу салтанатын Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің мамандары оқушыларға сәттілік тілей отырып, құттықтау сөзімен ашқан болатын.
Олимпиаданы мектебімізде өте жоғары деңгейде өткізіп келген оқушылар мен ұстаздардан жәнеде аудандық білім басшыларынан үлкен құрметке ие болдық. Осылайша, аудандық деңгейде өткізілген олимпиадада оқушыларымыз нағыз білімпаз екендігін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
ХХІ ғасыр -білектілердің емес, білімділердің ғасыры. Білімге қол созғандардың қашан да бүгіні жарық, болашағы жарқын. Жарқын болашақтың бастауын бүгіннен қалайтын білім ордалары шәкірттерін шыңдаудан еш жалыққан емес.
Рымбек С.
Нургалиева Л.А.
|