Статистика
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0
|
Главная » 2018 » Апрель » 9 » «Қош келдің – әз Наурыз!»
13:44 «Қош келдің – әз Наурыз!» |
Мектеп бойынша қазақ халқының ұлттық дәстүрін насихаттау мақсатында мектепшілік жоспар құрылып бекітілді. Жоспар бойынша «Қош келдің,Әз Наурыз» атты қабырға газеті 2-11 сыныптар арасында шығарылса, «Ұлттық дәстүр» көрмесі 1-ші қабатта ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пән мұғалімдері қыздар мен ұлдар арасында волейбол 5-6 сыныптар арасында ұлттық ойын «асық ату» өткізді. Шағын орталық бүлдіршіндері арасында ұлттық нақышта концерттік бағдарлама өтті. Шағын орталық бүлдіршіндерінің ата – аналары мерекелік дастарханын жайып, келген қонақтар астан дәм татты. Қазақтың баласының тұсауын кесу рәсімін көрсетіп, ән-шашу шашты. Бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушыларына арнап «Қош келдің – әз Наурыз!»» мерекелік бағдарламасы өткізілді. Барлық сыныптар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық киімдерін киіп келді. 5-6 «А» оқушыларын «Тобық тығу» салт-дәстүрін, 9-11 «А» сынып оқушылары «Селт еткізер» салт-дәстүрі, 7 «А» оқушыларын «Бесікке салу», 10 «А» сынып оқушылары «Келін түсіру», 8 «А» сынып оқушылары «Сүйінші» салт-дәстүрін көрсетті. Мектеп атынан қазақ үй тігіліпді. Безендіру жұмыстары жасалды. Үлкен дастархан жайылып,наурыз көже берілді. Мұғалімдер ұлттық киіммен келген конақтарды құшақ жая қарсы алды. Наурыз мерекесіне құрылған комиссия құрылған ауылдарды аралап,дастарханынан дәм татты. Наурыз мейрамына келген қонақтар көңілді ән мен биді тамашалап тарқасты.

Мектеп жанындағы шағын шаттық орталығы

7 «А» сынып «Бесікке салу»

10 А сынып «Келін түсіру» салт-дәстүрі




4-сынып оқушылары "Қазақ биі"


|
Просмотров: 667 |
Добавил: akkerey
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
Календарь
« Апрель 2018 » |
Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
| | |