«Отбасы-бақыт мекені» апталығы.
Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету мерекесі. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте қыркүйек айында отбасы күніне арналған апталық өткізілді. Атап айтсақ, 9 қыркүйек күні 1-2 сыныптарда «Моя семья» тақырыбында Кошакаева А.Ш сынып сағатын өткізді. 5-сыныптармен «Отбасы – өмір аясы » тақырыбында Майкенова М.К ашық тәрбие сағатын өткізіп, оқушыларға отбасылық құндылықтар дегеніміз отбасында қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: Балаларды тәрбиелеу, салт-дәстүрді ұстану екені туралы жалпы түсіндіріп өтті. Жоғарғы сыныптарда 9-10 сыныптарда «Менің отбасым» атты презентация, «Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.. «Мен, сен, ол, біз, бірге берік отбасымыз» спорттық сайыс 1-сынып ата-аналарымен өткізілді. Оған 1-сыныптың ата аналары мен сынып жетекшісі қатысты.. Аталған шараның мақсаты –отбасына деген жауапкершілікті сезіну, балаға деген мұқияттылықты арттыру. 5-сыныпта Расхан А мұғалім «Отбасы – бақыт ұясы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсіп, отбасы құндылықтарын дәріптеу. Сонымен қатар «Өнегелі отбасы » атты мерекелік концертті әлеуметтік педагог Алтынова А.М, музыка пәнінің мұғалімі Шадит Айгүл мұғалім ұйымдастырды. Мерекелік шараға өз өнерлерімен ортаға шыққан отбасылар: Ажығұловтар, Батырбековтар, Мәлік отбасы. Қазақтың әсем әуендерін айтып, домбырамен күй тартты. Мерекелік шара жақсы деңгейде өтті. «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз тауып айтылған. Отбасы – мемлекеттің берік іргесін қалайтын да, дәстүрлерін жалғастыратын да, ұрпақ тәрбиелейтін де қастерлі ұя. Сондықтан, отбасының мызғымас беріктігі мен тұрақтылығы біздің әрқайсымыздың қолымызда.
|