«Байқадам орта мектебі» КММ
Мектебімізде Республикалық «Денсаулық фестивалі-2019» акциясы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Рухы биік, дені сау ұрпақ болашақ бастауы» ұранымен Денсаулық күні өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, ағзаларын шынықтыру; Салауатты өмір салтын күнделікті өмірде қалыптастыруға баулу, нығайту . Денсаулық күніне бүкіл мектеп жұмыла қатысты. 0-11 сынып оқушылары үшін мектеп жанында спорттық жарыстар, ойындар ұйымдастырылды. Іс шара мектеп жанындағы саптүзеуден басталып, денсаулық күнінің өту жоспарымен таныстырылды . «Денсаулық күнінің» ашылу салтанатында директордың оқу тәрбие орынбасары Ахатаева Г.Б сөз сөйлеп, барлық мектеп оқушыларын осы айтулы күнмен, ізгі тілектерін тілеп құттықтады.Содан кейін мұғалімдермен бірге мерекелік шараны көңілді, бойды сергітетін таңғы жаттығулардан бастады.Таңғы жаттығудан кейін барлық қатысушылар «Салауатты өмір жасасын» ұранымен жаппай жүгірді. «Жас ұлан» ұйымының оқушылары флешмоб биледі. 7-11 сыныптар арасында 500 м, 800 м жүгіруден жарыс ұйымдастырды. Нәтижесінде І орынға 9 «а» сыныбының оқушысы Ерсаинов Дастан, ІІ орынды 9 «а» сыныбының оқушысы Шнар Диас, ІІІ орынды Рахметолла Асыл, Иманбеков Сағыныш 8 «а»сыныптың оқушылары иеленді. 5-6-7 сыныптар арасында «Арқан тарту»ұлттық ойынынан жарыс өткізілді.Нәтижесінде І орын 7 « а», ІІ орын 6 «а», ІІІ орын 5 «а» сыныптары иеленді.Оқушылар арасында «Ұзындыққа секіру» спорттық жарыстар өткізілді. Нәтижесінде І орын 9 «б» сынып оқушысы Аристаев Куаныш, ІІ орын Курмангожин Елнұр 10 «а» сынып оқушысы,»ІІІ орын Ерсаинов Дастан 9 «а» сынып оқушысы иеленді.Бастауыш сыныптар арасында «Көңілді старт» спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде І орынды -4 «а» сыныбы, ІІ орынды -2 «а» сыныбы, ІІІ орынды -3 «а» сыныптары иеленді.Мектеп алды даярлық топ оқушылары өз өнерлерін би билеп көрсетті.Денсаулық күніне арналған мерекелік шара аяқталған соң қатысқан оқушылар арнайы грамотамен марапатталды. «Денсаулық күні» мерекелік шарасынан оқушылар өте көңілді және қуанышты болып қайтты. Бұл шара оқушылардың спортқа деген ынталары мен қызығушылықтарын арттырды, өз денсаулықтарына мұқият қарауға, жат әдеттен жиреніп тек жақсы әдеттермен достасуға, сонымен қатар қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін молайтуға баулыды. Осындай шаралардың көптеп өткізілуі ұлт денсаулығын нығайтуға, жаны да, тәні де сау ұрпақ тәрбиелеуге тигізетін пайдасы орасан! директордың тәрбие орынбасары: Майкенова М.К
|