Суббота, 28.06.2025, 19:26
Приветствую Вас Гость | RSS

Байқадам орта мектебі

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 8
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Октябрь » 3 » Тіл – достықтың кілті
11:00
Тіл – достықтың кілті

Тіл – достықтың кілті, бірліктің бастауы, ұлттың жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен басты құндылық десек жаңылмаймыз. Тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, дамуы мүмкін емес.
«Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығымен бекітілген тізбеге сәйкес қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» болып белгіленгенді.
Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында Байқадам орта мектебінің гуманитарлы бағытының және бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 12-22 қыркүйек аралығында тілдер апталығын өткізді. Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. 22 қыркүйек күні апталықтың жабылуы өткізілді. Оқушылар бұл мерекелік іс-шараға белсене ат салысты. 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл тағдыры» атты көрініс көрсетілді, әншілеріміз ән шырқаса, бишілеріміз әсем билерін паш етті. 1-11 сынып аралығындағы оқушылар үш тілде өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Іс-шарамыз ойынсыз да қалмады, оқушыларға үш тілде жұмбақ жасырып, жауабын үш тілде жылдам айтқан белсенді оқушылар сыйлықтарға ие болды. Мектебімізде көп оқушылар үш тілді жақсы меңгеріп жатқаны байқалды.
Кеш соңында мектеп директоры Р.Т.Жумагулова барлық мұғалімдер мен оқушыларды бүгінгі тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтап, осындай мерекелік іс-шараны ұйымдастырған ұстаздарға, белсене қатысқан өнерлі оқушыларға алғысын айтты.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында.
Қайратова М.Е.
Байқадам орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Просмотров: 574 | Добавил: mereika_kairatova | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2017  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Copyright MyCorp © 2025
uCoz