Статистика
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0
|
Главная » 2020 » Февраль » 13 » «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндік
09:02 «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндік |
Байқадам орта мектебінде 2020 жылғы 3 ақпаннан 12 ақпан аралығында Қазақстанның тұңғыш ханымы Сара Алпысқызының туған күніне арналған «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті.
Онкүндіктің ашылуы 3 ақпан күні өткізілген салтанатты жиыннан басталды. Оқушыларды өзін-өзі тану оқулығының авторы Сара Алпысқызының шығармашылық және қайырымдылық қызметі, құрметті марапаттары туралы айтып таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылар сабақта үйренетін адамгершілік қабілеттер, жалпы адамзаттық құндылықтар, мейірімділік, шындық туралы өлеңдер оқыды. Онкүндік жоспары бойынша келесі іс-шаралар өткізілді: «Мейірім төгетін ана» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу және «Ән көңілдің ажары » әндер байқауы өткізілді. Сонымен қатар сыныптарда ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары да өтілді. Барлық іс-шараларға оқушылар белсене атсалысып қатысты.
Дайындаған тәрбие ісінің меңгерушісі: Майкенова М.К.
     
|
Просмотров: 520 |
Добавил: akkerey
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
Календарь
« Февраль 2020 » |
Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
|
| | |